Токиода өтетін Grand Slam турнирінде Қазақстаннан 11 дзюдошы бақ сынайды
7-9 желтоқсан күндері Жапония астанасы Токиода дзюдодан 2024 жылғы спорт маусымының соңғы Grand Slam кезеңі өтеді.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, үш күндік додаға әлемнің 46 елінен 282 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан әйелдер және ерлер құрама командаларынан барлығы 11 спортшы бақ сынайды.
Ерлер:
Дәурен Сүйеукенов (-60 кг),
Шерзод Давлатов (-60 кг),
Бақытжан Абдурахманов (-73 кг),
Жалғас Қайролла (-81 кг),
Мейірлан Максим (-90 кг),
Әділет Сапарғалиев (-100 кг).
Әйелдер:
Толғанай Әбеуова (-52 кг),
Дана Әбдірова (-57 кг),
Самалай Ерғалиева (-63 кг),
Назгүл Маратова (+78 кг),
Карина Такиева (+78 кг).
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или