Елена Рыбакина Брисбендегі турнирде чемпиондық атағын қорғай алмайды
29 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Брисбенде (Австралия) WTA-500 турнирі өтеді. Жарыстың баспасөз қызметі қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жаңа маусымдағы алғашқы турнирге қатысады. Тізімде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко бар. Сондай-ақ, Топ-10 тізімге енетін №7 Джессика Пегула, №8 Эмма Наварро және №9 Дарья Касаткина турнирде бақ сынайды.
Турнирдің қазіргі чемпионы – қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Былтырғы финалда ол Арина Сабаленканы 6:0, 6:3 есебімен жеңген. Биыл Қазақстанның бірінші ракеткасы Брисбенде чемпиондық атағын қорғай алмайды. Рыбакина аралас командалар арасындағы United Cup турниріне қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или