Токиода өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды

Токиода өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды

Дзюдодан биылғы соңғы әлемдік турнирін Токио қабылдайды. Жапония астанасында осы спорттың көптеген жұлдыздарының басын қосатын «Үлкен дулыға» турнирі өтеді. Қазақстандық спортшылар да медальдар мен рейтингтік ұпайларды сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бүгінгі таңда турнирге 47 елдің дзюдошылары қатысатыны белгілі. Қатысушылар тізімінде Токиода бес құрлықтың намысын қорғайтын 286 спортшы бар. Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы құрамын әлі ресми жариялаған жоқ, бірақ Халықаралық федерация ұсынған алдын ала тізімде 11 дзюдошымыз бар.

Ерлер

60 келіге дейін. Дәурен Сүйікенов

60 келіге дейін. Шерзод Давлатов

73 келіге дейін. Бақытжан Абдурахманов

81 келіге дейін. Жалғас Қайролла

90 келіге дейін. Мейрлан Максим

100 келіге дейін. Әділет Сапарғалиев

Әйелдер

52 келіге дейін. Толғанай Әбеуова

57 келіге дейін. Дана Әбдірова

63 келіге дейін. Самалай Ерғалиева

78 келіден жоғары. Назгүл Маратова

78 келіден жоғары. Карина Такиева

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или