Қазақстандық UFC жауынгерінің спарринг-серіктесі келесі қарсыласын білді
Қазақстандық жеңіл салмақтағы жауынгер Еламан Жетпісбай (5-1) келесі жекпе-жегін Алматыдағы OCTAGON 65 турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Турнирдің басты карды аясында ол өзбек спортшысы Жахонгир Нажмединовпен (10-6-1) торда кездеседі.
Айта кетейік, Жетпісбай қазақстандық UFC жауынгері Азат Мақсұмның спарринг-серіктесі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жекпе-жек кеші 27 қазанда өтеді. Ивенттің басты оқиғасында жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық атаққа қазақстандық Нұржан «Бизон» Акишев (16-4-1) және өзбек жауынгері Мавлонбек Миркомилов (6-2-1) таласады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink