Шавкат Рахмонов: Қазақстанда UFC турнирін өткізуге әлі ерте
Шавкат Рахмонов Қазақстанда UFC турнирін өткізуге байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұл туралы отандасымыз «Вестник ММА» порталына берген сұхбатында айтты.
«Бізде MMA, UFC жанкүйерлері көп. Бәрі жекпе-жектерді Қазақстанда көргісі келеді. Бірақ турнир өткізу туралы ойлауға әлі ерте. Бірінші трансляция сатып алу керек. Менің жекпе-жектерімді бірде-бір рет көрсетпеген. Трансляция сатып ала алмай отырғанда қайдағы турнир? Оған қыруар қаржы кетеді. Сол ақшаны мұқтаж жандарға немесе елдің қажетіне жұмсасын. Бұл менің ойым. Әрине, спорт деген жақсы ғой. Бірақ ол жаққа тым көп қаражат кетіп жатыр», – деді Шавкат.
Айта кетейік, Рахмонов 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста Белал Мұхаммадқа қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или