«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан бесінші кездесуінде жеңіліп қалды
Бүгін, 7 қазанда Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында астаналық «Барыс» екатеринбургтік «Автомобильиспен» кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екатеринбургтегі «Уралец» стадионында өткен матч 4:3 есебімен «Автомобилисттің» пайдасына аяқталды.
«Барыс» сапында Максим Мухаметов, Майкл Маклауд және Станислав Бочаров шайба соқты. «Автомобилист» қатарында Ник Эберт, Семен Кизимов, Анатолий Голышев және Брендан Лайпсик голдың авторы атанды.
Шайбалар:
0:1 — 08:44 Мухаметов
0:2 — 10:23 Маклауд (Сетдиков)
1:2 — 14:40 Эберт (Голышев, Мэйсек)
1:3 — 46:33 Бочаров (Маклауд)
2:3 — 46:59 Кизимов (Кузнецов, Трямкин)
3:3 — 52:38 Голышев (Эберт, Да Коста)
4:3 — 54:28 Лайпсик (Бывальцев, Да Коста)
Вратари: Аликин 00:00-10:23, Галкин 10:23-60:00 — Бояркин
Айта кетейік, «Барыс» ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 12-орында тұр. Команда 13 кездесуде бес ұпай жинады.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қазан күні «Барыс» өз алаңында Омбылық «Авангардты» қабылдайды.