Өзбек файтері қарсыласына тыйым салынған соққы жасағаны үшін жеңіліс тапты
Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 64 турнирінің алғашқы жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz
Өзбек файтері файтері Жавохир Нарзуллаев (3-1) пен қазақстандық Қажымұқан Еркін (1-0) кездесті.
Екінші раундта өзбек файтері қарсыласының басына екі мәрте тыйым салынған соққы жасап, жекпе-жектен шеттетілді.
Кеш барысында көрермендер 14 жекпе-жек көре алады. Басты шайқаста чемпиондық титул иесі өзбекстандық Ислам Балтаев (5-2) пен тәжірбиелі қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (17-6) кездеседі.
Жекпе-жек кешінің нағыз қызығы атышулы тәжікстандық «Камиль каратэ» файтері мен өзбекстандық Одилхон Камолов (5-2) арасындағы мега-реванш болмақ.
Басты кардта Шохасан Мирзаматов (13-3) бразилиялық Педро Фариаспен (10-7) төбелеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink