«Камиль Карате» реваншқа «ерекше дайындығын» көрсетті. Видео
«Камиль Карате» лақап атымен танымал тәжікстандық файтер Камариддин Хасанов (5-2) Алматыдағы реваншқа дайындығынан күлкілі кадрларын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz
Хасанов 6 қазанда OCTAGON 64 турнирінде өзбекстандық Одилхон Камоловпен (5-3) кездеседі. Жекпе-жек қарсаңында Еуразиялық жекпе-жек лигасының баспасөз қызметі «Камиль Каратенің» ерекше «дайындығы» туралы видео жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, файтерлер 2023 жылы наурыз айында OCTAGON 42 турнирінде кездескен еді. Бірақ жекпе-жек «Камиль Каратенің» ауыр жарақатына байланысты өтпеген деп танылған болатын.
OCTAGON 64 турнирінің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы жаңа чемпион, өзбекстандық Ислам Балтаев (5-2) тәжірибелі қазақстандық файтер Бауыржан Қуанышбаевқа (17-6) қарсы бірінші рет титулын қорғайды.
OCTAGON 64 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!