Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақтағы жас спортшылар арасында ширек финалға қазақстандық Талғат Орынбасар шыққан.

Жартылай финал үшін таласта ол тәжікстандық Лоика Кудбудиновпен белдесті. Негізгі бөлімде жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Ал қосымша уақытта (golden score) Орынбасардың қарсыласы «иппон» әдісімен жеңіске жетті. 

Десе де қазақстандық дзюдошы қолаға таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Алдағы уақытта ол жұбаныш айналымда италиялық Винченцо Манферлотимен шаршы алаңда белдесетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или