Қазақстандық файтер ресейлік чемпионнан жеңіліп қалды

Қазақстандық файтер ресейлік чемпионнан жеңіліп қалды

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Артем Резников Мәскеуде (Ресей) еркін күрестен Wolnik 11 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Резников ресейлік Шамиль Амировпен кездесіп, одан 3:11 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Амиров еркін күрестен 2013 жылғы Еуропа чемпионы.

Артем Резников ММА-дағы кейінгі жекпе-жегін маусым айында ресейлік Мухамед Коковпен (19-10) өткізіп, оны төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или