UFC-ге жаңа қырғыз файтері қосыла ма? Ресми мәлімдеме жасады
Кәсіпқойлар арасында жеңіліп көрмеген қырғызстандық Руслан Касымалы уулу (8-0) Алматыдағы OCTAGON 63 турниріндегі титулдық жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Менің қазіргі уақыттағы мақсатым – OCTAGON лигасының көмегімен чемпион атанып, UFC-ге қосылу. Осы мақсатта Азизли мен үшін кедергі емес. Мен оны мықты қарсылас ретінде құрметтеймін, бірақ тор жабылған кезде әркім өз жұмысын жасайды. Дайын бол! Мен UFC-ге қосылған алғашқы жеңіліп көрмеген қырғыз болғым келеді! – деді файтер.
Еске салайық, 27 қыркүйекте Алматыда қырғызстандық файтер әзербайжандық Анар Азизлимен (9-1) кездеседі. Бұл текетірестің жеңімпазы Еуразиялық жекпе-жек лигасының жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы болады.
Айта кетейік, OCTAGON лигасынан қазақстандық файтер Азат Мақсұм мен Бекзат Алмахан UFC-мен тікелей келісімшарт жасасқан болатын.
Алдағы турнирге билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или