Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама ала алмады

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама ала алмады

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінің соңғы матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олег Болякин шәкірттері Братиславада Словакия құрамасынан 1:3 есебімен жеңілді. Жеңіске жеткен команда сапында Роберт Лантоси, Павол Регенда және Адам Лиска шайба соқты. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Никита Михайлис соқты.

Осы жеңісінің арқасында Словакия құрамасы D тобында бірінші орын алып, 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Венгрияны 5:2 есебімен жеңіп, кейін Австриядан 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде Болякин шәкірттері топта екінші орын алып, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама ала алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или