Словакия – Қазақстан: Олимпиаданың жалғыз жолдамасы бәске тігілген матч
Бүгін, 1 қыркүйек қазақстандық хоккей үшін маңызды күн. Братиславада Қазақстан құрамасы Словакияны ұтса, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алады, деп жазады Propsports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі жаңа қолданушыларға «PROSPORTS» промокоды бойынша алғашқы үш депозитке 250 000 теңгеге дейін көбейтілген бонус дайындап қойды.
Топта төрт командадан болса, ең мықтысы ғана төртжылдық бәсекесіне қатысуға мүмкіндік алады. Қатаң заң солай. Жерлестеріміз Венгрия мен Австрияны жеңіп, турнирді тамаша бастады. Бұл ойында да тек жеңіс қажет. Негізгі уақыт, қосымша уақыт, матч соңындағы буллит сериясы. Қалай болса, айдыннан жеңімпаз болып шығу керек. Қарсылас азулы, әрине.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі Олег Болякин командасының негізгі 60 минутта жеңіске жетуіне 8,20 коэффициент ұсынып отыр. Салыстырсақ: словактардың осы уақыт аралығында жеңіске жету ықтималдығы 1,29, ал үш кезеңнен кейін тең ойынға бәс 5,50 деп бағаланған.
Овертайм мен буллиттерді есепке алғанда Словакияның жеңіске жету коэффициенті 1,15, ал Қазақстан құрамасының дәл осындай жетістігі 4,75-ке бағаланған.
Бұған дейін хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы рет сонау 2006 жылы Олимпиада ойындарының турниріне қатысқан.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!