русский язык
Хоккей

«Блинов кубогы»: «Барыс» қатарынан үшінші ойында жеңіліп қалды

«Блинов кубогы»: «Барыс» қатарынан үшінші ойында жеңіліп қалды

Омскідегі «Джи-Драйв-Аренада» «Трактор» мен «Барыс» арасындағы «Блинов кубогы» аясындағы маусым алдындағы турнирдің матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде ресейлік клуб 4:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Михаил Котляревский, Сергей Телегин, Бадди Робинсон және Никита Тертышный, жеңілгендерден сапында Дамир Жафьяров пен Уэйд Эллисон голдың авторы атанды.

Еске салайық, «Барыс» 2023 жылы Виктор Блинов кубогының иегері атанған. Команда өткен маусымды қатарынан бес жеңіліспен бастап, нәтижесінде олар бүкіл тұрақты маусымды сәтсіз өткізіп, Шығыс конференциясында соңғы орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;