Ерлер арасындағы Уимблдон-2024 жартылай финалдық жұптары анықталды
10 шілдеде Уимблдон-2024 турнирінің ерлер арасындағы жекелей сында соңғы ширек финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Теннис. Уимблдон 2024. Ерлер. Жартылай финалдық жұптар:
Даниил Медведев (Ресей, 5) – Карлос Алькарас (Испания, 3);
Новак Джокович (Сербия, 2) – Лоренцо Мусети (Италия, 25).
Ұсынылған жұптардың ішінде тек 22 жастағы Мусетти Уимблдон немесе жалпы Үлкен дулыға турнирлерінің жартылай финалдық кезеңінде ешқашан өнер көрсетпеген.
Айта кетейік, Уимблдонның қазіргі чемпионы - әлемнің үшінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас. 2023 жылғы финалда ол бес сетте серб Новак Джоковичті жеңді.