русский язык

Душан Йованчич Грекия мен Қазақстан чемпионатын салыстырды

Душан Йованчич Грекия мен Қазақстан чемпионатын салыстырды

«Қызылжар» клубының жаңа футболшысы Душан Йованчич Sport+ Qazaqstan сайтына берген сұхбатында петропавлдық клубқа ауысу туралы айтып, Грекия чемпионатын отандық біріншілікпен салыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Душан, «Қызылжар» клубына ауысу жайлы пікіріңізді айта кетсеңіз?

- «Қызылжар» командасына ауысуға екі тараптанда қызығушылық болды. Сол себепті клубтан ұсыныс түскеннен кейін бірден келісімге келдік. Жалпы келісімге келу көп уақыт алған жоқ.

- Астана командасында сіз көбінесе орталық қорғаушы рөлін атқардың. Саған бұл позицияда ойнау қолайсыздық тудыра ма?

- Шынымды айтсам бұл позиция маған ұнады. Өзімді орталық қорғаушы позициясында қолайсыз сезінемін деп айта алмаймын.

- Маусым аяқталғаннан кейін сіз «Тобылдан» «Астана» командасына ауысқыңыз келмейді деген ақпарат шықты. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады?

- Бұл жалған ақпарат. «Тобылмен» келісімшарт аяқталғаннан кейін, маған «Астана» командасынан хабарласты. Көп ойланбастан мен елордалық командаға қуана ауыстым.

- Грекия чемпионаты Қазақстан чемпионатынан деңгейі жағынан жоғары ма?

- Грекия чемпионатының инфрақұрылымы, стадиондары, жанкүйерлері жақсы деңгейде. Жалпы бұл чемпионатта 4-5 команданы атап өтуге тұрарлық. Сол себепті Грекия чемпионаты Қазақстан чемпионатынан мықтырақ деп сенімді айта аламын.

- Грекиялық «Кифисья» клубы сапында 7 кездесу өткіздің. Бәсекелестік мықты болды ма?

- Шыныменде, командада жақсы бәсекелестік болды. Алайда, мен команда сапында көп болған жоқпын.

- Жаңа команда қалай қабылдады? Қай ойыншымен жеке таныс едің?

- Команда мені жақсы қабылдады. Жеке Бриджидо және Бушманмен таныспын. Қазір жаңа клубымда Сербиядан Никола Богдановски және Хорватиядан Зоран Нижич бар, сол себепті барлығы жақсы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;