«Асып түстің»: Шавкат Рахмонов жекпе-жекке шақырған америкалықты күлкі етті
![«Асып түстің»: Шавкат Рахмонов жекпе-жекке шақырған америкалықты күлкі етті](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/472_c54c0bb7b24ccaeee35a210691843434.jpg?v=28666777)
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ рейтингінің 11-нөмірі америкалық Хоакин Баклиді күлкі етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бакли бұған дейін Рахмоновты ықтимал қарсылас ретінде атаған. Бакли оның алдында Конор Макгрегорды жекпе-жекке шақырған еді.
«Конорды шақырып есіңнен адастың ба деп едім, бұл жолы өзіңнен асып түстің», — деп жазды Рахмонов твиттерде.
Рахмонов 2023 жылы 16 желтоқсанда UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Қазір қазақстандықтың ММА-дегі рекорды - 18-0.