русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде келесі жекпе-жегін жариялады

Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде келесі жекпе-жегін жариялады

Top Rank промоутерлік компаниясы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлімханұлы чемпиондық атағын IBF тұжырымы бойынша міндетті қарсыласы, Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичке қарсы қорғайды.

«Орта салмақ патшасы оралады», - делінген хабарламада.

Жекпе-жек 13 шілдеде Лас-Вегаста өтеді.

Еске салайық, Әлімханұлы былтыр қазан айында өткізген кейінгі жекпе-жегінде неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді (22-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;