Головкин ҰОК президенті болып сайланды

Головкин ҰОК президенті болып сайланды

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің Бас ассамблеясы отырысына қатысты.

Головкин Ұлттық Олимпиада комитеті мүшелерінің басым дауысын жинап, президент болып сайланды.

14 ақпан күні ҚР ұлттық олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткен. Отырыста комитет президентіне кандидаттар ұсынылған.

Олимпиадалық спорт федерацияларынан өтінімдер 11 ақпанға дейін қабылданды. Енді бұл орындарға бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, ҰОК жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Данияр Әбілғазин, боксшы әрі Спорт және дене шынықтыру комитетінің бұрынғы басшысы Серік Сәпиев, Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов таласуда.

Осыған дейін желіде бокстан бұрынғы әлем чемпионы ҰОК басшысы ретінде қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевтың орнына келеді деген Ақпарат тараған болатын.

Фото: Тұрар Қазанғап

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или