русский язык
Бокс

Төлтаевтың менеджері: Бір жыл күтті, сынамасы таза шықты. Енді еш кедергі болмауы тиіс

Өткен жылы допинг дауына ілігіп, үш жылға спорттан шеттетілген Саматәлі Төлтаев кәсіпқой бокcқа қалай ауысқанын менеджері Жанпейіс Назарғали түсіндірді.

- Кәсіпқой боксқа өту үшін допинг табылған кезден бастап кем дегенде 6 ай уақыт өткен соң тағы да анализ тапсыруы тиіс болатын. С.Төлтаев қараша айында допингке анализ тапсырып, сынамасы таза боп шықты. Содан бастап жаттығуға қайта кірістік. Бұйырса 18 ақпан күні Түркияның Ыстамбұл қаласында жергілікті боксшыға қарсы дебюттік кездесу өткіземіз, – деді менеджер.

Менеджердің айтуынша, Саматәлі кәсіпқой боксқа өту үшін барлық ережені сақтаған.

- Бір жыл күтті, сынамасы таза шықты. Енді еш кедергі болмауы тиіс. Бокс тарихында сынамасынан допинг табылып, спорттан шеттетілген бірнеше танымал боксшылардың алты ай өткен соң кәсіпқой бокста өнер көрсеткендігі туралы мысал жеткілікті. Мысал ретінде Миша Алоян, Бектемір Меликузиев секілді спортшыларды атап өтсем жеткілікті болар, – деді Жанпейіс Назарғали.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;