Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі турнирдің жартылай финалына шықты
![Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі турнирдің жартылай финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/472_20b8af103ede543622aa6ac04d9758a1.jpg?v=28686388)
Бүгін Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Елена Рыбакина Әбу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шығу үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакинаның қарсыласы испаниялық Кристина Буча (WTA рейтингінде 74-орын) болды. Кездесу 6:1, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Матч 1 сағат 4 минутқа созылды.
Осылайша Елена Рыбакина турнирдің жартылай финалына шықты. Онда ол ресейлік Людмила Самсоновамен (WTA рейтингінде 15-орын) кездеседі.