русский язык
Теннис

Кукушкин Британиядағы турнирді сәтті бастады

Кукушкин Британиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин британдық Ноттингемде өтіп жатқан Челленджер сериясы бойынша ірі турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сында бірінші айналымда Михаил екі сетте британдық Чарльз Брумды сенімді ұтты. Қорытынды есеп 6:4, 7:6 (7:3).

Теннисшілер кортта 1 сағат 50 минут уақыт өткізді.

Екінші айналымда Михаил Кукушкин Кайл Эдмунд (Ұлыбритания) мен Джорис Де Лоре (Бельгия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;