русский язык

«Қайрат» РПЛ қысқы кубогын сәтсіз бастады

«Қайрат» РПЛ қысқы кубогын сәтсіз бастады

6 ақпанда Winline РПЛ қысқы кубогы аясында қазақстандық «Қайрат» пен Дубайдың «Шабаб Аль-Ахли» клубтары арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар БАӘ, Абу-Даби қаласындағы «Әл-Нахайян» стадионында ойнады. БАӘ құрамасы 2:0 есебімен басым түсті. Ойында соғылған екі голды да 22 жастағы бразилиялық шабуылшы Игорь Жезус соқты.

Айта кетейік, РПЛ қысқы кубогы 2-14 ақпан аралығында өтеді. Оған «Ростов», «Спартак», «Қайрат» және «Шабаб Аль-Ахли» қатысып жатыр. Өткен жылы РПЛ қысқы кубогының жеңімпазы мәскеулік «Спартак» болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;