русский язык

Ресми: Артур Шушеначев — «Хапоэль Беэр Шева» ойыншысы

Ресми: Артур Шушеначев — «Хапоэль Беэр Шева» ойыншысы

Футболдан Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев израильдік «Хапоэль Беэр-Шева» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 жастағы шабуылшы израильдік командамен 3,5 жылға келісімшартқа қол қойды.
Артур «Қайрат» құрылымына 2017 жылдың көктемінде қосылып, сол маусымда негізгі команда сапындағы дебютін өткізді. Келесі жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

2020 жылы «Қайрат» құрамында Қазақстан чемпионы атанды. 2021 жылы ол еурокубоктың топтық кезеңінде дебют жасады. Финалда шешуші гол соғып, команданың Қазақстан Кубогын екінші рет жеңіп алуына көмектесті. Сол жылы барлық ресми матчта 23 гол соғып, қазақстандық футболшылар арасында үздік сұрмерген атанды.

Шушеначевтың «сары-қаралар» құрамындағы статистикасы:

128 матч
️ 45 гол
9 ассист

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;