Қазақстандық боксшы «Странджа» турнирінің ширек финалына шықты
![Қазақстандық боксшы «Странджа» турнирінің ширек финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201736_d37b187f1fe4ca2562a784e8af652a11.jpg?v=28700810)
Қазақстандық боксшы Ерасыл Таңқай Софияда (Болгария) халықаралық «Странджа» турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
63,5 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Таңқай болгариялық Красимир Джуровпен кездесті. Бұл жекпе-жек 5:0 есебімен төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Осылайша, Ерасыл Таңқай турнирдің ширек финалына шықты. Айта кетейік, ол өткен жылы да «Странджа» турнирінде өнер көрсетіп, жүлде ала алмаған еді.