русский язык
Әлем футболы

«Байер» Бундеслигадағы клубтық рекордын жаңартты

«Байер» Бундеслигадағы клубтық рекордын жаңартты

3 ақпан күні «Байер» Бундеслиганың 20-шы турындағы матчта «Дармштадты» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, Байер 29 ойынды құрайтын ең ұзақ жеңіліссіз сериясы бойынша клубтық рекорд орнатты.

Айта кетейік, Леверкузен командасының еншісінде қазір 52 ұпай бар. Бұл назар аударарлық жайт, өйткені Байер өткен маусымда 50 ұпай жинап, 34 турдан кейін Германия чемпионатының кестесінде 6-шы орынды иеленді. Тек Бавария ғана Бундеслиганың 20 ойынында – 2013/14 (56) және 2015/16 (53) маусымында 52 ұпайдан жоғары жинады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;