русский язык
Бокс

«Егер ол хабардар болса, спорттан мүлдем көңілім қалады». 2023 жылғы ӘЧ жүлдегері ҚБФ президентінен қолдау күтеді

«Егер ол хабардар болса, спорттан мүлдем көңілім қалады». 2023 жылғы ӘЧ жүлдегері ҚБФ президентінен қолдау күтеді

23 жастағы қазақстандық боксшы Надежда Рябец Prosports.kz сайтына берген сұхбатында 2023 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алғаны үшін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың ақшалай сыйлығынан қалай айырылып қалғанын айтып берді.

– Спартакиададағы жекпе-жекке бір күн қалғанда маған рингке шықпауды ұсынды, себебі мен бәрібір жеңіліп қаламын деді. Кеш өте көңілсіз өтті, өйткені мен мұндай нәрсені бірінші рет кездестірдім және не істерімді білмедім. Келесі күні рингке шығып, маған жеңіс берілмейтінін біліп, қарсыласымды мазақ еттім. Бүкіл зал шулап, жанкүйерлер үлкен қолдау көрсетті, сол үшін оларға алғысымыз шексіз. Содан кейін марапаттау рәсіміне шықпадым. Негізі жеңілуді білемін және жеңілісті абыроймен қабылдаймын. Үйіме кетіп қалдым, себебі сондай адамдардың арасында болғым келмеді.

Осыдан кейін мені Кеңес Хамитұлы Рақышев жүлдесінен айырып жатқанын білдім. Іс-шараға екі күн қалғанда команда басшысы бапкеріме телефон соғып, кешірім сұрап түсіндірме хат жазуымды, әйтпесе сыйақыдан қағылатынымызды айтты. Жазып, кешірім сұрадым, үш күннен кейін мені марапаттау рәсіміне шақырмады (2023 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлерінің еск. Prosports.kz)

Әлеуметтік желіде көріп, қатты ренжідім. Кеңес Хамитұлының бұл «істерден» мүлде хабары жоқ деп үміттенемін, себебі көбі Федерация басшылығы ойына келгенін істейді, ал Кеңес Хамитұлы тек демеуші дейді. Әрине, егер ол барлық оқиғадан хабардар болса, онда спорттан мүлдем көңілім қалатыны анық. Бірақ, кем дегенде, бүкіл жағдайды түбегейлі өзгертіп, кінәлілерді жазаласа, бұл керемет болар еді», - деді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;