Париждегі Гран-слэм турнирінің тікелей трансляциясы
![Париждегі Гран-слэм турнирінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201131_5c4ba4ad6216da0f611001f5ec1c1b70.jpg?v=28700636)
2-4 ақпан аралығында Парижде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Grand Slam әлемдік турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа әлемнің 110 елінен 661 дзюдошы қатысады.
Бүгін ерлер арасында татамигп екі салмақ дәрежесінде 4 қазақстандық шығады: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев - 60 кг, Ғұсман Қырғызбаев және Есет Қуанов - 66 кг.
Жекпе-жектің тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де Qazsport арнасында басталады.