Қазақстан азаматтығын алған теннисші Монпельедегі турнирді қиын жеңіспен бастады
Қазақстандық Александр Шевченко Монпельедегі (Франция) турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық бірінші айналымда чехиялық Далибор Сврчинаны үш сетте 6:4, 4:6, 6:4 есебімен ұтты.
Барлығы матч 2 сағат 52 минутқа созылды.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші келесі айналымда француз Грегуар Баррерге қарсы ойнайды.
Еске сала кетейік, Александр Шевченко жақында Ресей азаматтығын Қазақстан азаматтығына ауыстырған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или