Бокс

Қазақстандық боксшы қыз жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық боксшы қыз жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 31 қаңтарда Ангелина Лукас пәкістандық боксшы Рома Юсафпен жұдырықтасады. Жекпе-жек Әзербайжанның астанасы Баку қаласында өтеді. Ангелина Лукас WIBA әлем чемпионы атағы үшін сынға түспек.

«Ассалам Алейкум құрметті қазақстандықтар! Салмақ өлшеу процедурасы өтті! Мен салмақ қууда керемет жұмыс атқардым! Ертең Әзербайжан астанасында аты аңызға айналған әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтеді! Менің кәсіпқой бокстағы мақсатым – әлемнің абсолютті чемпионы болу», – деп жазды Ангелина Лукас.

Ангелина боксшы мансабынан бөлек те үлкен мақсаттары бар екенін айтты.

«Мен біздің еліміздегі жүздеген талантты боксшыларды білемін, олар жұмыссыз, жекпе-жексіз отыр. Мен де кезінде қиындықтарға тап болдым, мені сындыруға тырысты, бокстан кетуім үшін бәрін жасады. Әуесқой бокстан кейін боксшы қалай кәсіпқой боксшы болу керегін білмейді және жай ғана қолын бір сілтейді. Олар қайда бару керегін және одан әрі қалай өмір сүру керегін білмейді. Сондықтан мен промоутерлік компания ашып, оларға кәсіби боксқа жол көрсеткім келеді! Неліктен басқа елдердің боксшылары үнемі бокспен айналысады? Мысалы, Мексикада ай сайын бокс кештері болады. Біздің қай жеріміз кем? Бізде қазақстандық бокс мектебі өте мықты», – деп жазды Ангелина.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер