Теннис

Михаил Кукушкин Германиядағы жарысты жеңіспен бастады

Михаил Кукушкин Германиядағы жарысты жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық, әлемнің 255-ракеткасы Михаил Кукушкин Кобленц (Германия) челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемдік рейтингіде 260-орында тұрған франциялық Максим Жанвьемен өткізді.

Бірінші партияда М.Кукушкин 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде тіпті бет қаратпады десе болады — 6:1.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Кукушкин 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. М.Жанвье 4 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін рейтингіде 222-сатыдағы америкалық Мартин Даммен таласады.

Ол әлемнің 198-ракеткасы, италиялық Маттиа Белуччиді тізе бүктірді — 6:3, 6:3.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер