русский язык
Теннис

Александр Шевченко: Өз ойыныммен жанкүйерлер көңілінен шығамын деп үміттенемін

Александр Шевченко: Өз ойыныммен жанкүйерлер көңілінен шығамын деп үміттенемін

Теннисші Александр Шевченко Қазақстан атынан өнер көрсететінін мәлім етті.

Қазақстан теннис федерациясы спортшының мәлімдемесін Instagram желісіндегі парақшасында ресми жариялады.

«Өз ойыныммен жанкүйерлер көңілінен шығамын деп үміттенемін және осы сәтті асыға күтемін. Бұл ел маған сенді, сондықтан осыны дәлелдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамын» деді Александр Шевченко өз бейнежазбасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;