русский язык
Басқа

Қазақстандық мерген әлем кубогының қола медалін жеңіп алды

Оқ атудан Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында Ирина Юнусметова қола жүлдеге ие болды.

ҚР Спорт комитеті мәлім екеткендей, жарыс барысында жерлесіміз 2 дүркін әлем чемпионы Силвиа Штейнер (Аустрия), жастар арасында 4 дүркін әлем чемпионы Ризм Сангван сынды мықты қарсыластардан озып кетті.

Дәл қазіргі сәтте 22 жастағы отандасымыз әлемдік рейтингте 2 түрлі бағдарлама бойынша тұр.

10 метрден тапаншамен ату — 31-орын

25 метрден тапаншамен ату — 33-орын

Бұл Ирина үшін әлем кубогындағы алғашқы жүлде емес. Былтыр Индонезия астанасы Джакартада өткен әлем кубогының кезеңінде жерлесіміз 2 мәрте командалық сайыста 3-орын алған еді.

Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылып жатқан бәсекеде әлемнің 66 елінен 678 сұрмерген бақ сынауда.

Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;