русский язык
Әлем футболы

«Наполи» «Удинезе» қорғаушысын сатып алуға жақын

«Наполи» «Удинезе» қорғаушысын сатып алуға жақын

«Наполи» «Удинезе» қорғаушысы Неуэн Перестің трансфері бойынша келісімге келуге жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джанлука Ди Марционың мәліметінше, неаполитандықтар 23 жастағы футболшының трансфері үшін 16 миллион еуро төлейді, сонымен қатар 2 миллион еуро бонус қарастырылған. Бұл соманың 50 пайызын Перестің бұрынғы клубы «Атлетико» алады.

Футболшы «Наполимен» 4 жылға келісімшарт жасасады. Оның жалақысы маусымына 1,6 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;