Дзюдо

Қазақстандық дзюдошылардың қатысуымен өтетін Португалия Гран-приінің трансляциясы

Қазақстандық дзюдошылардың қатысуымен өтетін Португалия Гран-приінің трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

26-28 қаңтарда Одивелаш қаласында (Португалия) Гран-при бойынша әлемдік турға кіретін жарыс басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 елден 624 дзюдошы Одивелашта ерлер 60 кг, 66 кг, 73 кг, 81 кг, 90 кг, 100 кг және 100 кг-нан жоғары, әйелдер 48 кг, 52 кг, 57 кг, 63 кг, 70 кг, 78 кг және 78 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Бүгін татамиде ерлер арасындағы жарыста екі салмақ дәрежесінде (60 кг, 66 кг) 2 қазақстандық шығады. Әйелдер жарыстарында еліміздің атынан үш салмақ дәрежесінде 48 кг, 52 кг, 57 кг қатысады.

Жекпе-жектің тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша сағат 23:30-да басталады және qazsport телеарнасында қолжетімді болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер