ГЛАВНАЯ
                      
                                            Қазақстандық жас теннисші сенсациялық түрде Australian Open турнирінің ширек финалына шықты
                  
                  
              Қазақстандық жас теннисші сенсациялық түрде Australian Open турнирінің ширек финалына шықты
 
                  Қарағанды теннис мектебінің түлегі, жасөспірімдер арасындағы әлем рейтингінің 27-ракеткасы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші айналымдағы кездесуде қазақстандық жасөспірімдер арасындағы әлем рейтингінің 26-ракеткасы оңтүстіккореялық Чанджун Кимді ұтты. Бірінші сет 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына аяқталса, екінші ойында Ким өз ойынын күшейтіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Шешуші үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласын 6:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.
Жартылай финалға шығу үшін Әмір Голландия өкілі Мес Ротгерингпен (25 ITF Juniors) жеңуі керек.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или