Әйгілі қақпашы Қазақстан Сан-Мариноға қарсы ойында бар күшін салмағанын айтты

Әйгілі қақпашы Қазақстан Сан-Мариноға қарсы ойында бар күшін салмағанын айтты

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Сан-Мариноға (3:1) қарсы матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

«Ойын тамаша өтті. Ең бастысы, үш ұпай алдық. Менің ойымша, біздің команда Словениямен ойын үшін бүгін көп күш жұмсаған жоқ. Барша қазақстандықты осы жеңісімен құттықтаймын. Осындай ойын үшін Әдиевке және ойыншыларға рақмет», - деді Бекбаев.

Айта кетейік, Қазақстан H тобында үшінші орын алып, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или