«Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшарт жасасқанын хабарлады

«Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшарт жасасқанын хабарлады

Элдер Сантана «Қайрат» ФК ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайрат» футбол клубы 30 жастағы бразилиялық шабуылшымен келісімшарт жасасты. Ойыншымен келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін есептелген.

Элдер Сантана «Атлетико Минейро» түлегі. Туған клубынан бөлек, өз елінде «Тупи», «Ферровиарию», «Сампайо Корреа», «Брагантино», «Атлетико Гойяньенсе», «Ботафого», «Сертаозиньо» командаларында өнер көрсетті.

2019 жылдың жазында шабуылшы Португалияға көшіп, онда «Санжуаненсе» және «Жил Висенте» клубтарының намысын қорғады.

Элдердің соңғы клубы «Ақтөбе» болды. Өткен маусымда ол ақтөбелік команда сапында барлық турнирде 32 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Позициясы: шабуылшы
Бойы: 186 см
Салмағы: 88 кг

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или