Теннис

Джокович Туриндегі турнирде жеңілді

Джокович Туриндегі турнирде жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Туринде ATP финалдық турнирінің топтық кезеңінің кездесуі өтіп, онда серб теннисшісі Новак Джокович итальяндық Янник Синнерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

3 сағат 11 минутқа созылған кездесу үш сетте 5:7, 7:6 (7:5), 6:7 (2:7) есебімен Янниктің пайдасына аяқталды.

Новак үшін бұл ағымдағы маусымдағы алғашқы жеңіліс болды. Топтық кезеңнің бірінші раундында ол дат Холгер Рунды (2-1) жеңді. Серб өзінің 19 ойындық жеңіс сериясын (2023 жылғы Уимблдон финалынан бері) бұзды.

Келесі айналымда Синнер Рунемен, ал Джокович грекиялық Стефанос Циципаспен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0