Соболенко US Open турнирінде тарихи рекорд орнатт
Арина Соболенко US Open-2026 финалына шығып, хард төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирлерінде тарихи рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Беларусь теннисшісі америкалық Джессика Пегуланы жеңіп, Нью-Йорктегі ірі турнирдің шешуші кезеңіне қатарынан төртінші рет жолдама алды.
Australian Open турниріндегі дәл осындай сериясын ескерсек, Соболенко үшін бұл хардтағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі қатарынан сегізінші финал болды.
Осы көрсеткіш бойынша ол Штеффи Граф, Мартина Хингис және Новак Джокович сынды теннис аңыздарының жеті финалдық көрсеткішінен асып түсті.
US Open-2026 турнирінің финалында Соболенко Қазақстан өкілі Елена Рыбакинамен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или