Балауса Мұздиман келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Балауса Мұздиман келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық танымал боксшы Балауса Мұздиман келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Желтоқсанға жаңа жекпе-жекпен асығамын! Мақсатыма, арманыма қарай жылжып келемін.

Барлығыңызды жекпе-жекте күтемін. 10 желтоқсан. Балуан Шолақ. Біз тарих жасап жатырмыз. Кездескенше!», – деп жазды Мұздиман Instagram парақшасында.

Айта кетейік, ол кәсіпқой бокстағы дебютін 2017 жылы өткізіп, 2023 жылдың наурыз айында екінші жекпе-жегін өткізді.

Балауса кейінгі жекпе-жегін 21 наурызда тағы бір қазақстандық Зухра Исраилованы (0-1) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Жекпе-жек Алматыда өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или