Андрей Голубев София турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында София (Болгария) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды<span> </span>Kazinform.
Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 2-ракеткалары, америкалықтар Натаниэль Ламмонс – Джексон Уитроумен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық-украиналық дуэт тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (8:6).
Екінші сетте америкалық жұп есе қайырды – 6:2.
Супер тай-брейкте А.Голубев – Д.Молчанов таразы басын өздеріне аударды – 10:7.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында олар 5 эйспен көзге түсті.
Америкалықтар 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Андрей Голубев – Денис Молчановтың ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или