ВИДЕО. Бокстан Еуропа чемпионы мейрамханада төбелес шығарып, кейін оқ жаудырды

Бокстан Еуропа чемпионы және Ресей құрамасының бұрынғы мүшесі Никита Иванов Мәскеудегі «Паулайнер» мейрамханасында төбелес шығарды, деп хабарлайжы Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.
Оқиға жайында 5 қарашада хабарланды.
Иванов мейрамхана қонақтарының бірінен темекі сұраған, артынша мұнысы жанжалға ұласыпты. Төбелескендер мас күйінде болғаны хабарланды.
Иванов төбелес кезінде тапанша шығарып, бірнеше рет оқ атқан. Төбелес салдарынан төрт адам зардап шекті, оның үшеуі - мейрамхана қызметкері. Ал Иванов ұсталды.