Қазақстан қысқы маусымдағы екінші медалін жеңіп алды

Қазақстан қысқы маусымдағы екінші медалін жеңіп алды

Канадалық Лавальда шорт-тректен төрт құрлық чемпионатының екінші сайыс күні өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирге шорт-тректен әлемнің төрт гранды – Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Қытай, сондай-ақ Жапония, Қазақстан және Аустралия сияқты мықты құрамалар қатысады.

Бүгін шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы 3000 метрге эстафетада үшінші орын алды. Құрама сапында Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева мен Мадина Жанбусинова өнер көрсетті. 

Алтын жүлдені канадалықтар алса, екінші орынға Оңтүстік Корея табан тіреді.

Төрт құрлық чемпионаты, эстафета, әйелдер

1. Канада - 4:14.513

2. Оңтүстік Корея - 4:14.567

3. Қазақстан - 4:16.200

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или