«Алиэкспресстен әкелінген Шавкат». Файтерлер студияда төбелес шығарды

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың сыңары пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportilinet сайтына сілтеме жасап.
«Алиэкспресстен әкелінген Шавкат. Қызық, бұл видеоны Шавкат көрді ме? Ұқсай ма?», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Рахмонов (17-0) келесі жекпе-жегін 16 желтоқсанда (Астана уақытымен 17 желтоқсан күні таңертең) Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында UFC 296 турнирі аясында өткізеді. Қазақстандықтың қарсыласы америкалық файтер Стивен Томпсон (17-6-1) болады.
Рахмонов UFC жартылай орта салмақ рейтингінде бесінші орында тұр, ал Томпсон одан бір саты төмен орналасқан.