русский язык
Командалық

ВТБ Біріккен лигасы: «Астана» — ЦСКА матчының тікелей трансляциясы

ВТБ Біріккен лигасы:  «Астана» — ЦСКА матчының тікелей трансляциясы

28 қазанда ВТБ Бірыңғай баскетбол лигасының чемпионатының ойын күні аясында екі кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның біріншісі мәскеулік ЦСКА қазақстандық «Астананы» қабылдайды.

Қазіргі уақытта ЦСКА ВТБ Бірыңғай лигасында жеңіліссіз келеді. Кейінгі кездесуде Ресей астанасының командасы Минскіні (112:84), оған дейін Саратовты (85:73) ұтқан болатын.

«Астана» үшін Мәскеудегі кездесу биылғы маусымдағы төртінші матч. Қазақстандық клуб өз алаңында «Зениттен» (69:78) жеңіліп, «Нижний Новгородты» (78:73) және «Автодорды» (75:62) жеңді.

Матчтың тікелей трансляциясы Мәскеу уақытымен сағат 17:00-де басталады, ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;