UFC жұлдызы Геннадий Головкинге еліктейтінін айтты

UFC жұлдызы Геннадий Головкинге еліктейтінін айтты

Танымал UFC файтері Хамзат Чимаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы жағымды пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Чимаев Головкиннің жекпе-жек стиліне қатты таң қалатынын, тіпті жаттығу барысында оған еліктеуге тырысатынын айтты.

«Геннадий Головкинмен кездесіп, сөйлескім келеді. Оның жекпе-жегін бақылап отырамын. Маған оның боксы қатты ұнайды. Айтпақшы, бокстан бапкерім соққыларымды дәл Генаның техникасына қарай реттейді. Бірақ мен Геннадий сияқты бокс жасай алмаймын (күледі). Головкин – тәртіпті жігіт, өскелең ұрпаққа үлгі. Егер жақсы боксшы болсаң, көп сөйлесудің қажеті жоқ. Нокауттарың сенің атыңды шығарады», – деді Хамзат Чимаев.

Айта кетейік, Хамзат келесі жекпе-жегін 21 қазан күні Абу-Дабиде UFC 294 турнирі аясында өткізеді, қарсыласы - бразилиялық Пауло Коста<span>.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или