Месси алаңға қашан оралатыны белгілі болды

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси жарақаттан емделіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Гастон Эдульдің мәліметінше, аргентиналық футболшы майамилік клубтың MLS тұрақты чемпионатындағы келесі матчына қатыспайды. «Интер Майами» 5 қазанда «Чикаго Файрмен» кездеседі.
«Интер Майами» бас бапкері Херардо Мартино 8 қазанда «Цинциннатиге» қарсы матчта Лео аздап ойын уақытын бермек. Артынша Месси Аргентина құрамасының сапына аттанады.