Макгрегор октагонға қашан оралатынын айтты

Макгрегор октагонға қашан оралатынын айтты

Ирландиялық UFC файтері Конор Макгрегор ұзақ үзілістен кейін октагонға оралатынын жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Макгрегор америкалық Майкл Чендлерге қарсы жекпе-жек өткізуі керек, бірақ әлі міндетті допинг-сынамадан өтпеген.

– Октагонға қашан ораласыз?

- Мен процесте жатырмын. Желтоқсанда жекпе-жек өткіземін деген үміт бар.

- Чендлер сіздің қарсыласыңыз бола ма?

- Иә, болуы керек. Чендлер, мені күте тұр және аузыңды жап! – деді Макгрегор All Out Fighting басылымына берген сұхбатында.

Конор Макгрегор ММА бойынша 28 жекпе-жек өткізіп, 22 жеңіске жетті. Ол 2021 жылдан бастап, америкалық Дастин Порьемен жекпе-жекте ауыр жарақат алған соң октагонға шыққан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или