Азиада-2022: Қазақстан құрамасының капитаны қытайлық боксшыны сенімді жеңді

Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
71 келіге дейінгі салмақта Шымбергенов 1/8 финалда қытайлық Пейчен Ванмен кездесті.
Қазақстандық боксшы жекпе-жек бойы басым болды. Бұл кездесуде Шымбергенов 4:0 есебімен жеңді.